Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі Алматыдан табылды
Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі Алматыдан табылды
139
оқылды
Қызылордада жоғалған екі жасөспірім табылды. Үшіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. "Қызылордадағы «Атамекен балалар ауылы» үйінен өскертусіз кетіп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру шаралары барысында 27 наурыз күні кешке олардың екеуінің Алматы қаласында орналасқан жері анықталды. Олар қала тұрғындарының қырағылығы, полицейлердің сауатты жұмысы және әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа жаппай хабар тарату арқасында табылды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта жасөспірімдер Алматыдағы балалар үйіне жеткізілді. Кәмелетке толмаған үшінші қыздың орналасқан жерін анықтау бойынша іздеу шаралары жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Қызылордадағы «Атамекен балалар ауылы» үйінің үш тәрбиеленушісі бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен еді. Жасөспірімдер 25 наурызда түнгі 02.00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан қайта оралмағаны айтылды.  width=