Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
108
оқылды
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Соған байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. "Жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан қарлы беткейлерге шығуға болмайды. Тауда абай болыңыз!"- деп хабарлады Алматы ТЖД. Сонымен бірге, синоптиктердің хабарлауынша, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жазық аумағында оң температуралық фон мен жауын-шашын болжамына байланысты 28-29 наурыз аралығында қарқынды қар еруі және еріген ағын болуы мүмкін.