Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі үшінші рет ұзартылды
Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі үшінші рет ұзартылды
5,107
оқылды
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады. "Кеше, 26 наурызда, сағат 22:47 - де Нұр-Сұлтанның тергеу судьясы Біртановтың үй қамауын ұзартты. Ол судьяның бұлай жасауының себебі белгілі. Өйткені Біртановты қамауға алу мерзімін ұзартпаса, оны заңсыз қамауға алды дегенді білдіреді. Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті үй қамауына алу да негізсіз", - деді Куряченко. Бұған дейін Біртановтың адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Біртановты заңсыз қудалауды анықтау туралы" өтінішпен жүгінгенін хабарлаған еді. Еске сала кетейік, соңғы рет Елжан Біртановтың үй қамағындағы мерзімі 22 ақпанда ұзартылды.  Ол былтыр 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Экс-министрдің ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Оған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген айып тағылып отыр.