Қазақстан – Франция: алғашқы минутта алаңға кімдер шығатыны белгілі болды

Қазақстан – Франция: алғашқы минутта алаңға кімдер шығатыны белгілі болды

Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Франция құрамасына қарсы ойнайды. Бас бапкер Талғат Байсуфинов алаңға шығатын футболшыларды атады.

Сонымен ұлттық құрама жейдесінде алаңға алғашқы минуттарда Мокин, Әліп, Малый, Ерланов, Быстров, Валиуллин, Тағыберген, Мужиков, Васильев, Нұрғалиев және Федин шығатын болды. Команданы алаңға капитан Нұрғалиев бастап шығады. Қазақстан ұлттық құрамасы 28 наурыз күні, сағат 19:00-де "Астана Арена" стадионында Франция құрамасына қарсы ойын өткізеді.