Футболдан ӘЧ-2022: Франция мен Қазақстан ойынын қайдан көруге болады?
Футболдан ӘЧ-2022: Франция мен Қазақстан ойынын қайдан көруге болады?
137
оқылды
Қазақстан мен Франция құрамаларының кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Ұлттық арнада Амангелді Сейітхан және Уәлихан Қосанбай комментатор болады. Ал «Qazsport» эфирін Ерсін Ерік пен Дидар Кадыров жүргізеді. Ойын карантин талабына байланысты жанкүйерсіз өтеді. Тікелей көрсетілім елорда уақытымен 18.50-де басталады. Аталған ойында беларуссиялық маман Алексей Кульбаков бас төреші ретінде қызмет атқарады. Айта кетейік, Франция іріктеу турнирінде Украина командасымен тең ойын көрсетті, ал Қазақстан құрамасы алғашқы матчын өткізеді.