Бақытжан Сағынтаев: КВИ-ге қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын мәлімдеді
Бақытжан Сағынтаев: КВИ-ге қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын мәлімдеді
210
оқылды

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Аkimat Live бағдарламасында қала тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Қала әкімінің айтуынша, былтырмен салыстырғанда жағдай күрделі. Кеше коронавирус 450 адамнан анықталса, бүгін 510-ы тіркелді. Бұл жаңа штамның пайда болуынан өсіп отыр. Қалалықтар жағдайды сақтауы керек. Барлық санитарлық норманы сақтау қажет. Соңғы кезде адамдар маска тақпайтын болды. Бұл вирус жақын арада кетпейді, оны бәріміз білеміз және түсінеміз. Вирус бізбен қалады. Толықтай вакцина алып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру керек. 20-27 наурыз аралығында қауіпті індетті жұқтырған 3169 науқас тіркелді. Тұрғындар арасындағы жұқтыру деңгейі төмендемей тұр. Жағдайды алматылықтарда анықталған вирустың жаңа штамдары да қиындатуда. «Барша тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға, бетперде киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және көпшілік шаралар өткізуден, адам көп шоғырланған жерге барудан аулақ болуға шақырамын», – деді Б. Сағынтаев.