Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» шахтасынан өрт шықты

Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» шахтасынан өрт шықты

Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» шахтасынан өрт шықты,– деп хабарлады sputnik.kz. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Саран» шахтасында өрт шыққаны туралы хабарлама 28 наурыз күні сағат 15:36-да келіп түскен. "Аумақта технологиялық кешеннің 2 галереясында транспортер таспасы мен ішкі ағаш қаптамасы жанған. +24 және +27 метр биіктіктегі 2 галерея құлады",– деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі. Өрт сағат 16:53-те сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 350 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.