Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Алатау» тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтер өртенген.
Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 29 адамнан тұратын топ жедел жеткен. Өрт сөндірушілер пәтерді тұтастай жалын шарпығанын анықтады.От түнгі сағат 00:15 минутта сөндірілді. 40 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған. Өртке сөндірілмеген темекі себеп болған. Зардап шеккендер жоқ.