Суэц каналында қайраңға тұрып қалған Ever Given кемесі шығарылды
Суэц каналында қайраңға тұрып қалған Ever Given кемесі шығарылды
154
оқылды

Bloomberg-тің мәліметінше, каналдағы кеме қозғалысы жақын арада қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Каналдағы кептеліс салдарынан 450-ден астам жүк кемесі орта жолда тұрып қалған. Құтқарушылар Ever Given кемесін қайраңнан шығару үшін 27 000 текше метр құмды қазып, канал арнасын кеңейтті. Суэц каналы Жерорта және Қызыл теңізді байланыстырады. Дүниежүзіндегі ең маңызды сауда жолының бірі Суэц каналының Таяу Шығыстан Еуропа мен АҚШ-қа мұнай жеткізуде маңызы зор. Каналға кептеліп қалған кеменің кесірінен әлемдік экономикаға күн сайын 9,5 миллиард доллар шығын келген.

Біз бұған дейін Суэц каналында жүк кемесі қайраңға тұрып қалғанын жазған едік.