Қазақстаннан қыздарды Бахрейнге құлдыққа жіберген күдіктілер ұсталды
Қазақстаннан қыздарды Бахрейнге құлдыққа жіберген күдіктілер ұсталды
145
оқылды

Қылмыстық топ құрамында Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары болған.

Олар 2016-2020 жылдары Қазақстанда қыздарды алдап, Бахрейнге «жеткізумен» айналысқан.

«Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 39 тұрғыны зардап шеккен. Қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде 19 адам анықталды. Оның үшеуіне іздеу жарияланды»,– деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, 6 Қазақстан азаматының шетелдегі тұрғылықты жері анықталды. Осыған дейін оларды да сексуалды құлдықта ұстау үшін шетелге апарған.

«Сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратураның атсалысуымен Бахрейн, Түркия, БАӘ-ден қыздар елге қайтарылды. Қылмыстық топқа қатысты қосымша қылмыстық іс қозғалды. Жуырда тергеу аяқталады. Іс сотқа жолданады»,– деді Санжар Әділов.

Былтыр күзде сексуалды құлдық үшін Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жеткізген қылмыстық топ анықталды. Олар адамдардың сеніміне кіріп, шетелде көп ақша табуға болатынына сендірген.