Жеке табыс салығы декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады
Жеке табыс салығы декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады
151
оқылды

Комитеттің мәліметінше, 2020 жылы мүліктік табыс алған жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) биыл 31 наурызға дейін тапсыру қажет.

ЖТС декларациясын жеке тұлғалар, оның ішінде мүліктік және басқа табыс алғандар, сондай-ақ шетелде жылжымайтын мүлігі, бағалы қағаздары, заңды тұлғаға қатысу үлесі бар жеке тұлғалар тапсырады. Мұндай кірістен жеке табыс салығын есептеу 10% мөлшерлемесі бойынша дербес жүргізіледі. Оны 10 сәуірге дейін төлеуі тиіс. Декларацияны жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша тапсырады.

Бұған дейін декларацияны тапсыру тәртібін жариялаған болатынбыз.