Таразда «түнгі көбелектер» қызметін ұсынған  үш притон жабылды
Таразда «түнгі көбелектер» қызметін ұсынған  үш притон жабылды
«Стоп-Трафик»  жедел-алдын алу іс-шарасының үш күнінде  полиция қызметкерлері Тараз қаласында «түнгі көбелектер» қызметін ұсынған үш бірдей притонды жапты. Жеңгетайлықпен айналысқаны  үшін  48 жастағы екі әйел мен  34 жастағы келіншек құрықталып  отыр. Аталған  деректерге қатысты  ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Ұсталған азаматшалар   кінәсін толықтай  мойындады. Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 3 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 8 әйел  қойылып отыр. «Стоп-Трафик» шарасы одан әрі жалғасуда.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы