Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды,– деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
"2021 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды",– деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласындағы УҰИ-ге қамалды. Қылмыстың қалай болғаны сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.