Алматыда 19 жастағы қызды өлтірген күдіктінің пәтерінен бойжеткеннің заттары табылды
Алматыда 19 жастағы қызды өлтірген күдіктінің пәтерінен бойжеткеннің заттары табылды
119
оқылды
Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғыны ауруханадан шығарылды. Үйіне полиция келген сәтте күдікті өзін өлтірмек болған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Сол жерде тергеу аяқталғанша болады. 28 жастағы күдікті өзін өлтірмек болып, жарақаттанған болатын. Алматы қаласы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол емделіп жатыр. Сол себепті тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұған дейін оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған болатын. Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз қазір іспен арнайы прокурорлар айналысып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар ол күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды.
"Күдіктінің тұрғылықты жерінен жәбірленуші Аяжан Еділованың заттары ғана табылды. Ол жерде басқа қыздардың құжаты мен заттары жоқ. Кейінгі күндері әлеуметтік желіде жарияланып жатқан жаппай кісі өлтіру бойынша ақпарат  жалған",– деді дереккөз.
Бұған дейін Алматыда өлі күйінде табылған Аяжан Еділованың туыстары мәлімдеме жасап, бойжеткеннің қалай өлтірілгені туралы хабарлаған болатын.