Nur Otan партиясының мүшесі Алматы емханасына өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты

Nur Otan партиясының мүшесі Алматы емханасына өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты

Алматы қалалық №36 емханасына екі оттегі концентранты сыйға берілді. ⠀ Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов өз қаражатына өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алды. Бұл аппараттар емхана ғимаратында және жедел жәрдем көлігіне орнатылады. ⠀

«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл емхана COVID-19-бен күресуде алдыңғы қатарда келе жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстігі қызыл аймақта болғандықтан, эпидемиологиялық жағдай нашарлауда. Мен Алматының барлық тұрғындарын медициналық бетперде киюге, антисептиктерді қолдануға және санитарлық шараларды қатаң сақтауға шақырамын»,– деді Мәди Ахметов. ⠀