Астаналық жігіт сүйіктісіне гүл ұрлап, сыйлағаны үшін басы бәлеге қалды (видео)

Астаналық жігіт сүйіктісіне гүл ұрлап, сыйлағаны үшін басы бәлеге қалды (видео)

Нұр-Сұлтанда 33 жастағы жігіт гүлдер дүкенінен бес байлам гүл шоғы мен қызғалдақтарды ұрлап шыққан. Сөйтіп, оны сүйіктісіне табыстаған. Алайда оның бұл қадамы, өзіне таяқ боп тиді.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық жасаған кезде ер адам мас күйде болған. Ол кешке таяу гүл сататын дүкеннің жерасты терезесінен кіріп, бес байлам гүл шоғы мен қызғалдақтарды ұрлап шыққан. Келтірілген шығын – 70 мың теңге.

«Сонымен қатар ұрлықшы қауіпсіздік үшін өзінің танысын өтіп бара жатқан адамдарды бақылауға көндіреді. Видеода қылмыс орнынан кеткен ер адамдар таксиге мініп, құрбысына барған. Күдікті оған ұрланған гүлдерді сыйлаған. Полицейлер гүл ұрысын бейнебақылау камералары арқылы анықтап, күдіктіні полицияға жеткізді», – дейді баспасөз қызметі.

Ер адам өз қылмысын мойындады.

«Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Негізі ол бұған дейін ұрлық жасап, бірнеше рет сотталған», – дейді полиция департаменті.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)