Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда блокпосттар қоюға қатысты сауалға жауап берді

Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда блокпосттар қоюға қатысты сауалға жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қалада эпидемиялық жағдай нашарласа, қатаң карантин енгізіліп, блокпосттар қойылуы мүмкін екенін айтты. 

«Қатаң карантин енгізу мәселесі эпидемиялық жағдайға байланысты қаралатын болады. Егер жағдай айтарлықтай нашарласа, толық қатаң карантин енгізіледі»,– деді ол брифингте.
Бұған дейін елордада карантин күшейтіліп, оқушылардың қалай оқитынын хабарлаған болатынбыз.