Одақ асыл тастар саудасын реттейді
Одақ асыл тастар саудасын реттейді
115
оқылды

Сенаторлар келесі аптада халықаралық шарттарды ратификациялайтын бірқатар заң жобасын қарауды жоспарлап отыр. Сенаттың бюро мүшелері 1 сәуірде өтетін палата отырысының күн тәртібінің жобасын бекітті.

Депутаттар алдағы жалпы отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостан­ды­ғынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауға беру туралы конвенцияны рати­фи­кациялайтын құжатты тал­қы­ламақ. Мемлекетаралық стан­дарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді рати­фикациялау туралы заң жобасы да отырыстың күн тәртібіне енгізілді. Оны қа­былдау мем­­лекетаралық стан­дарттау жө­ніндегі құжат­тарды тара­тудың бірыңғай ере­желері мен рәсімдерін бекітуге мүм­­кіндік береді. Палата отырысында де­пу­таттар назарына «Еуразиялық эко­номикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзе­ге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау ту­ралы» заң жобасы да ұсынылмақ. ЕАЭО аумағында бағалы ме­талдар мен асыл тастардың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау осы құжаттың бас­ты бір бағдары болады.  

Елдос СЕНБАЙ