Жалған тексерушілер
Жалған тексерушілер
94
оқылды

Алматыда жалған мони­торинг тобы қызмет­керлері анықталды. Олар компью­­терлік клубты тек­сермек бол­­ған. Бұл туралы Алматы кә­­­сіпкерлер палатасы ди­­­рек­торының орынбасары Сал­танат Лесбаева өзінің әлеу­меттік желідегі парақ­ша­­сында жариялады.

Лесбаева жазбасында «Алматы қаласында пилоттық жобаның қатысушысы болып саналатын компьютерлік клубты тексеруге мониторинг тобы келген. Кәсіп­­кердің айтуынша, бақылау тобы бірден күдік тудырған, өйткені топ мүшелері Ashyq жобасы туралы алғаш рет естіген және компьютерлік клубтарға жұмыс істеуге мүлде тыйым салынғаны туралы айтқан. Топ төрт адамнан құралған, олардың бірі — полиция қызметкері. Ол қызметтік куәлігін көрсетіп, өзін полиция капитаны ретінде таныстырған. Қалған үшеуі, полиция капитанының айтуынша, «СЭС» және әкімдік қызметкерлері екен. Дегенмен олар қызметтік куәліктерін көр­сетпепті», – деп жазды. Сонымен қатар жалған топ мүшелері компьютерлік клубтың Алматы бас санитар дәрі­­герінің қаулысына қарамастан жұмыс істеп жатқанын айтып, клубты жабуды талап еткен. Бұл жайтқа қатысты Наурызбай ауда­­ны әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев пікір білдірді. Ол мо­­ниторинг тобының әкімдік пен аудандық полиция бас­қар­­­масы­ның қызмет­­керлерінен және «Ата­­мекен» кәсіпкерлер пала­тасы­­ның мүшелерінен тұратынын еске сал­ды. Нысан­дарға барған кезде олардың барлығы өздерінің қыз­меттік куәліктерін көрсетуі тиіс. «Келесі күні кәсіпкер бізге Ashyq қосымшасының жұмысы мен түн­де болған оқиғаға қатысты жү­гінді. Кәсіпкермен кездесу кезінде біз өзін лауазымды тұлға ретінде та­­­­ныстырған жандарға қатысты про­цессуалдық шешім қабылдау және оларды заңда көзделген жауап­­кершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына ресми шағым­­мен жүгінуді ұсын­­дық. Қазір кә­­­сіпкердің арызы Наурызбай ау­­­­­дандық полиция басқармасында қаралып жатыр. Мұндай жағдайға алғаш рет кезігіп отырмыз», – дей­ді Дәндібаев. Айта кетейік, мо­ниторинг тобы мүше­лерінің тізімі аудандық әкімдік сайтта­­рында, сондай-ақ Infokazakhstan.kz сайты­ның мо­­ниторинг топтары бөлімін­де жарияланады.

Айша ЕРСҰЛТАН