Хакерлер 300 миллион теңге ұрлаған ба?

Хакерлер 300 миллион теңге ұрлаған ба?

ІІМ-де қазақстандық ком­пания шоттарынан 300 мил­лион теңге ұрлау дере­гіне қатысты тергеу бас­­тал­ды. Тергеу департаменті ірі ак­­цио­нерлік қоғам шот­тары­нан 300 миллион тең­геден аса қаржы ұрлаған топ­қа қатысты қылмыстық істі тергеуде.

ІІМ Тергеу департаментінің мәліметінше, ұрлық жасады деген күдікпен үш адам анықталып, қамауға алынған. Олар ресейлік хакермен бірлесіп, компанияның интернет-ресурсында 14 жалған парақша құрып, ақпараттық төлем жүйесіне қол жеткізген. Құқық қорғау органдары айып­талушылар ұрлаған ақшаны қолма-қол ақшаға айырбастап, SIM карталарды сатып алумен, ұрланған ақшаны биткоиндерге айырбастау және оларды крип­­­тоәмияндарға аударумен айналысқан дейді. ІІМ мәліметіне сүйенсек, олар Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып, компания ақшасын иемденген. «Тергеу жүргізіліп жатыр. Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен бірге қылмысқа қатысы бар топтың қалған мүшесін анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр», – дейді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Ж.НҰРЛАН