Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауады. Тек батыста ғана жауын-шашын болмайды.
Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте желмен қатар жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын болады. Түркістан, Жамбыл облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Жамбыл облысында көктайғақ болады. Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар облысында жаяу бұрқасын, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысында тұман түсіп, түнде Қызылорда облысында көктайғақ болуы ықтимал.