Қостанай полицейлері ірі көлемде есірткі тасымалдаған топтың жолын кесті. Олар Тобыл өңіріне оңтүстіктен заңсыз тауары жеткізумен айналысқан. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Қылмыстық топты ветеринар маман басқарған. Күдіктілерді ұстау операциясы еліміздің 3 өңірінде бір мезетте жүргізілді. Жедел іздестіру нәтижесінде, қылмыстық топты басқарған 51 жастағы тұрғын ұсталды. Оның мал дәрігері болып жұмыс істегені белгілі болды. Ветеринар өзінің 5 ауылдасын және Жамбыл облысынан 67 жастағы зейнеткерді есірткі саудасына тартқан. Есірткі саудасына астананың тұрғыны да атсалысқан. Жалпы жыл басынан бері аймақта 130-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 17 келі есірткі тәркіленді.Қостанай облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Айгүл Ерәділова: «Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша 15-20 жылға дейін немесе өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді.
Бұған дейін есірткі сатқан полицейлер туралы жазған болатынбыз.