Біржолғы жәрдемақы 35-тен 70 АЕК-ке дейін көбейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.
Министр 2021-2025 жылдары аралығында солтүстікке 10 мыңнан астам жұмыс күшін көшіру жоспарда бар екенін айтты.«Солтүстікке қоныс аударғандарды жұмыспен қамтып, жаңа жерге бейімдеу үшін көшуге берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 35 АЕК-тен (102 095 теңгеден) 70 АЕК-ке (204 190 теңгеге) дейін көбейтілмек», – деді министр.
Біз бұған дейін солтүстікке «Серпін» бағдарламасымен келгендердің проблемасын жазған болатынбыз.