Ashyq жобасы: демалыс күндері де жұмыс істей береді

Ashyq жобасы: демалыс күндері де жұмыс істей береді

Ashyq пилоттық жобасына атсалысып отырған кәсіпорындар демалыс күндері де жұмыс істей береді.

Астана эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймақта тұрғанымен, жоба қатысушыларына «сары» аймаққа сай мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов айтты, – деп жазады 24.kz. Ashyq пилоттық жобасына кіретін фитнес-клубтарға алдын ала жазылып, таңғы 7-ден кешкі 10-ға дейін баруға болады. СПА, бассейн, компьютерлік клубтар мен боулинг-орталықтар да осындай талаппен жұмыс істейді.

Нысандардың толық тізімін Ashyq қосымшасы арқылы білуге болады. Қосымшада арнайы QR-код арқылы келушінің коронавирусқа шалдыққанын немесе шалдықпағанын анықтауға болады.