Қазақстанда электр энергиясы 1 сәуірден бастап 15% қымбаттайды
Қазақстанда электр энергиясы 1 сәуірден бастап  15% қымбаттайды
111
оқылды
1 сәуірден бастан елімізде жылу электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15%-ға қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов айтты.
«Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сінің шекті тарифтері 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 15% деңгейінде болжануда»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте.