Денсаулық сақтау министрлігі маскадағы құрттарға қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрлігі маскадағы құрттарға қатысты пікір білдірді
119
оқылды
Қазақстандықтар блогерлер медициналық маскаларды микроскоппен тексерген роликтерді талқылауда. Бетперделердің кейбіреулерінен үрлеген кезде қозғалатын қара талшықтар табылған. Желі пайдаланушыларының пікірінше, бұл паразиттер немесе моргеллон құрттары болуы мүмкін. ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлады stopfake.kz.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 231-бабының 2-тармағына сәйкес, ҚР аумағында дәрілік заттар өндіруді Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Демек, Қазақстандағы медициналық маскалар сертификатталған және қауіпсіз. Оларда құрттар мен басқа бөгде заттар жоқ. Сонымен қатар моргеллон құрттарының бар екендігі дәлелденбеген. Олар туралы алғаш рет үй шаруасындағы әйел Мэри Лейтао айтқан. Баласы ауырып, денесінде көрінбейтін жәндіктер жыбырлап жүргеніне шағымдана бастағаннан кейін ол бұл бұрын белгісіз болған аурудың белгілері болуы мүмкін деп ойлайды. Мэри Лейтао Morgellons Research Foundation қорын құрады және Конгресс пен АҚШ үкіметінің жаңа жұқпалы ауруды зерттеу туралы шешім қабылдауына қол жеткізеді. Дегенмен мамандар құрттарды таба алмады және олардан туындайтын нақты ауру жоқ деген қорытындыға келеді. Теріде жәндіктер мен құрттар жыбырлап жүргендей сезім, бұл - басқа аурулардың, соның ішінде дерматоздың белгілері. Еске сала кетейік, көрнеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.   https://www.youtube.com/watch?v=vA6reph6hDY