Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды вакцина салдыруға шақырды.

"Вакцинация - коронавирустың таралуын азайтатын жалғыз жол. Вакцинаға қарсы көрсеткіші жоқ әрбір қазақстандықты бас тартпай, вакцина салдыруға шақырамын.  Вакцина салдыру арқылы қалыпты өмірге біртіндеп орала аламыз ", - деді министр брифингте.
Бұған дейін коронавирустан қорғайтын маскадан құрт табылуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірген болатын.