СҚО-да заңсыз аң аулаған әке мен бала ұсталды
СҚО-да заңсыз аң аулаған әке мен бала ұсталды
105
оқылды
СҚО Қызылжар ауданының Лесной ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Сағидолла Етекбаев заңсыз аңшылық фактісін анықтаған, – деп хабарлады Polisia.kz. Учаскелік полиция инспекторы 28 наурыз күні сағат 21:30 шамасында ауылдағы автожолмен өтіп бара жатқан кезде жолдың шетіне тоқтаған 64 жастағы ауыл тұрғынының “ВАЗ” маркалы автокөлігін байқаған. Полицей тоқтап, қандай көмек қажет екендігін сұраған. Ер адам көліктің сынып қалғаны, ұлының қажетті бөлшекті әкеле жатқаны жайлы айтқан. Алайда учаскелік инспектор шетте тұрған жас жігітті байқаған. Ол 29 жастағы жігіттің көлікке сібір елігінің өлі денесін сүйреп бара жатқанын көрген. – Күдіктілердің үлкенінің айтуынша, ол қарудың серіппесін ауыстырып, тексеріп көрмек болған. Ұлымен орманға барғанда оның көзіне елік іліккен. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұл жыл басынан бері ауданда анықталған заңсыз аң аулаудың алғашқы дерегі. Өңір тұрғындарына аң аулау маусымының өткен жылдың желтоқсан айында жабылғаны жайлы ескертеміз. Аңшылардан заңнаманы қатаң сақтауды сұраймыз,– деді Қызылжар ауданының ПБ бастығының міндетін атқарушы Пётр Климов.