Ресейлік «Точь-в-точь» телешоуында Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенге пародия жасалды. Танымал әншінің образын актриса Валерия Ланская қайталауға тырысқан болатын. Ол Димаш орындаған «Любовь уставших лебедей» атты хит әнді орындады. Қазылар алқасынан үш адам актрисаның өнеріне ең жоғары бал қойды. Алайда тележүргізуші, пародист Максим Галкин қатысушыға өте күрделі образды қайталауға тырысқанын айта келіп, оның дайындаған нөмірін сәтсіз деп бағалады. Ол Димаш Құдайбергеннің керемет орындаушы екенін айтты және бұл бейненені ешкімге қайталамауға кеңес берді. Оның айтуынша, қазақстандық әнші 5 октаваны игеріп қана қоймайды, октаваларды бір көтеріп, бір түсіріп, еркін қолдана алады. Оның ерекшелігі де осында.
–Бұл орындауың өте сәтсіз шықты, ренжімеңдер. Жоғары ноталарды ала алғандықтан бұл әнді қорлауға болмайды. Димаш – өте керемет әнші. Мен сенің бұл әнді, ноталарды қалай орындап шығатыныңды уайымдап отырдым, – деді Максим Галкин. https://www.youtube.com/watch?v=dhWOePFZqO0