Наурызда бірнеше семинар өтті
Наурызда бірнеше семинар өтті
154
оқылды

Қазақстанда діни экс­тре­­­мизмнің алдын алу, қате жол­­ға түсіп кеткен азамат­­­тарды райы­­­нан қайтару ба­ғытында жүйелі түрде жұ­­мыс жүргізіліп келеді. Соның ішін­­де дін са­ласы ма­­­ман­­дарының білік­­­­тілігін арттыру өзекті болып тұр.

Тәуелсіз ел болған 30 жылдың ішінде Ислам діні халық арасында қайта өркендеді. Ислам дінінің ғалымдары мұсылман деген сөзге «бүлікші болмайтын, дұрысты бұрысқа шығармайтын, өзін «бе­тегеден биік, жусаннан аласа» ұстайтын, бар-жоғы білінбейтін сабырлы болмағы ләзім» деп анықтама береді. Яғни, дін өз мақсаты үшін күресіп, ешкімге зиян тигізбеуді насихаттаса ке­рек. Алайда ислам атын жа­мы­лып, қоғамда дүрбелең тудыруды көз­дейтін топтардың бар екені жасырын емес. Сон­дықтан Ақ­парат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің Дін істері ко­митеті, сонымен қатар Қа­­зақ­стан мұсыл­мандары діни басқармасы, қо­ғамдық ұйымдар тарапынан ал­дын алу, үгіт-насихат жұмысы ұдайы ұйымдастырылады. Мә­селен, комитет бір ғана наурыз айының өзінде интернет кеңіс­тігінде радикалды және дес­­трук­тивті діни контенттің та­­ралуына қарсы іс-қимыл бойын­ша дін сала­сындағы өңір­лік ма­ман­­­дар­ға арналған онлайн се­минар, дін­­­тану сараптамасын жүргізу жұ­мыс­тарына қатысты дін са­ласы ма­мандарына ар­налған семинар, жергілікті жерлерде атаулы ақ­параттық-түсіндіру жұмыс­тарын ұйым­­дастыруға және жүр­гізуге тар­тылған өңір­лік Дін істері бас­қармалары мен «Дін мәсе­лелерін зерттеу ор­талығы» ком­муналдық мем­ле­кеттік меке­мелерінің ма­ман­­­да­рына ар­налған онлайн се­минар өт­кізді. Бұл жұмыстар ал­дағы уақытта жалғаса береді.

М.ТӨЛЕУ