Коронавирус адамдарға екінші рет жұғып жатыр
Коронавирус адамдарға  екінші рет жұғып жатыр
5,111
оқылды

Осы кезге дейін қоғамда індетке бай­­ланысты түрлі сауал туындаған болатын. Көбі «бұрын вирус жұқтырып, сауыққан адам қайта жұқтыруы мүмкін бе?» деп сұрақ қойған.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырудың қайталанып жатқанын мәлімдеді. – Біздің деректеріміз бойынша, бұрын вирус жұқтырып, қайтадан ауырған екі адам тіркелді. Бұл туралы біз бұрын айтқанбыз. Бірі – Батыс Қазақстанда, екіншісі – Қарағанды облысында. Көбінесе ауру анықталған ПТР-тестілері ұзақ уақыт аралығында болады және оларды қайта жұқтыру деп қабылдауға болмайды. Зерттеулерден бүгінде ПТР-тестілеу өте сезімтал екенін аңғарып отырмыз, ол геннің сынықтарын, яғни жансыз вирусты да ұстап қалуы мүмкін, – дейді Есмағамбетова.

Мадияр ТӨЛЕУ