Онкодиспансер басшысы қызметін асыра пайдаланған

Онкодиспансер басшысы қызметін асыра пайдаланған

Маңғыстау облыстық онкология дис­пан­серінің басшысы қызметін асыра пай­да­­­ланғаны анықталды. Ол туған қызын лауа­зым­­ды қыз­метке тағайындап қана қоймай, бұрын тәртіптік жазаға тартылған бірқатар қыз­­­меткеріне мемлекеттік бюд­жеттен не­гізсіз сыйақы берген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлап отыр

Диспансер басшысы мемлекеттік сатып алу кезінде жалпы сомасы 2 млн 600 мың теңгені жұбайы­ның атына тіркелген серіктестікке аударған. Кей келісімшарттың ресми құжаты да болмай шығыпты. Антикор орталығының мамандары аталған заң­­­­­бұзушылықтар бойынша хаттама толтырып, құзырлы органдарға жолдап үлгерген. Әзірге диспансер басшысы қатаң сөгіс алып құтылыпты. – Аталған заң талабын бұза отырып, мемлекеттік сатып алулар тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу фактісімен жасалған. Мысалы, 2020 жылы шілде айында «Метака» ЖШС-мен жалпы сомасы 1 270 000 теңгені құрайтын дезинфекциялауға арналған камера, температураны өлшейтін құрылғы осындай жолмен сатып алынған. Сондай-ақ 2020 жылғы нау­рыз айында жалпы сомасы 4 млн теңгеден асатын конференцияларды ұйымдастыру бойынша және респираторлы сатып алу бойынша шарт жасалмаған. Бұдан басқа талдау барысында диспансерде 2019 жылы жұмыскерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді сатып алу қағаз нұсқада жасалған, бірақ құжаттары жоғалғаны анықталды. Бұл осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін куәландырады, – дейді Сы­­­­байлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойын­ша департаменті бас­шы­­­­сының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ