Қазақ қызы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Қазақ қызы халықаралық байқауда жеңіске жетті

Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында  Дана Қабылтаева жеңіске жетті.  Қазылар алқасы 30 жастағы қатысушыны сұлу әрі ақылды ару деп танып, 5 мың АҚШ долларынан асатын сыйақы табыстады.

«Хабар-24» телеарнасының ха­бар­­лауынша, Дананы модельдер бай­­қауына қатысуға құрбылары көн­дірген. «Ұлтыңыз кім?» деп сұрайды. «Қазақ» деп жауап бергенде «осын­дай бет келбеті бола ма?» деп таң­ғалады. Яғни, бізде Еуропа мен Азия­ға тән нышандар араласып кеткен. Сондықтан оларға өте сұлу болып көрінетін шығармыз», – дейді Дана Қабылтаева арнаға берген сұхбатында. Отандасымыз Кореяға төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойын­ша барған. Болашақ жұбайымен де осы елде танысқан. Он ай бұрын тұң­ғышын дүниеге әкелген. Қазір ағылшын тілінен сабақ береді. Қазылар алқасы қазақ қызының сұлулығымен қатар, ән шырқауы мен корей тілі білімін бағалады. Мо­дель байқауын ұйымдастыру коми­тетінің төрағасы Ким Ин Бенің айтуын­ша, алда Қабылтаева сән көрсетілімдерінде ерекше жеңіл­діктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар. Биыл коронавирус пандемия­сына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер қатыса алған жоқ. Сондықтан подиумға Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан.

А.ЖОЛДАС