«80 тоннадан астам ресейлік қауіпті бананды Қазақстанға жеткізуге тырысқан». Осындай ақпаратты көзіміз шалып қалды. Бананды қайдан жеткізуге тырысқан? Олар неге қауіпті? Мәліметтерге сүйенсек, тауар Ресейге қайтарылған. Ал оған кінәлілер әкімшілік жазаға тартылады. «Олар 81 тонна бананды, 37 тоннадан астам картопты, фитосанитарлық сертификаты жоқ 20 тонна сәбізді және 3 тонна бидай тұқымын көрші елден таңбалаусыз әкелуге тырысқан», – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі. Карантинге байланысты заңнама талаптарына сәйкес, аталған өнімдерді ел аумағына әкелуге тыйым салынған. Тауар Ресейге қайтарылды. Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылып, жазасын алады. Ведомствоның хабарлауынша, 2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресейден жоғары фитосанитарлық қауіпке ие өнімдерді заңсыз әкелуге тырысқан топты анықтап, тоқтау жасады. Бұл белгілі болғаны ғана. Мұндай анықталмаған, заңсыз әрекеттер өзге өңірлерде де жасалып жатпасына кім кепіл бола алады?! С.СЕЛЕУБАЙ