«Алтай» – ел чемпионы
«Алтай» – ел чемпионы

Павлодарда волейболдан әйелдер командалары ара­сындағы тартыс мәресіне жетті. Волейболдан 29-шы ел чемпионатында  «Ал­тай» клубы топ жарды.

Өскеменнің клубы плей-офф кезеңінде қамшы бастырмады. Бар­лық кезеңде жеңіске жетті. Әсіресе, «Алтай» мен «Жетісу» арасындағы кездесу жанкүйерлерге кіші Эль-класикодай әсер қалдырады. Өйт­кені аталған сында жеңіске жеткені чемпион атанатыны белгілі еді. Өйткені «Алтай» мен «Жеті­судің» қар­қынына кез келген команда той­тарыс бере алмайды. Осылайша, «Алтайдан» кейінгі екінші орынды «Жетісу» алды. Пет­ропавлдың «Қуаныш» командасы үшінші орынға табан тіреді. Турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын «Жетісу» ойыншысы На­дежда Кодола мен «Қуаныш» коман­дасындағы Светлана Парукова ие­ленді. «Үздік либера» атағын «Алтай» ойыншысы Мадина Бекет еншіледі.  Ал «Ең бағалы ойыншы» мәртебесі «Алтайдың», ұлттық құраманың үздігі Сана Анар­құловаға бұйырды.

Айбике ЖАНАСЫЛ