Садақ атудан Шымкент құрамасы топ жарды

Садақ атудан Шымкент құрамасы топ жарды

Алматыда садақ атудан жа­бық ғимараттағы ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды.

Жалпыкомандалық есепте 2 ал­тын, 2 күміс және 2 қола медаль олжалаған Шымкент қаласының спортшылары жеңіске жетті. 2 ал­тын, 4 күміс, 2 қола медальмен Алматы облысының командасы екінші орын алды.  2 алтын, 1 қола медальмен Алматы қаласы үшінші сатыға тұрақтады.  Төртінші орынға 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп алған Батыс Қазақстан облысы жайғасты. Командалық есептегі үздік бестікті бір алтын медальмен Түркістан облысы қорытындылады. Ерлер арасындағы классикалық садақ ату, командалық сында И. Аб­дуллин, С.Мұсаев, С.Дүзелбаев бастаған Алматы облысының жігіттері жеңіске жетті. Одан кейін Алматы құрамасындағы Д. Дәулет­ханұлы, С. Кичкин, В. Кривашин үздік деп танылды. Батыс Қазақстан­нан келген  М.Қуанышқалиев, Ә. Мұс­­тафин, С. Нұғман үштікке кірді. Ал әйелдер арасындағы классика­лық садақ ату, командалық сын ба­тыс­қазақстандық  А.Баннова, А.Іли­ясова, Т.Құсайын топ бастады. А.Воропаева, А.Полякова, А.Туркина сияқты спортшылары бар Шымкент құрамасы екінші сатыдан көрінді.  Алматы облысының намы­сын қорғаған Е.Авдеева, А.Земля­нова, Ф.Түкебаева үшінші орынды иемденді. Ерлер арасындағы классикалық садақ ату, жекелей сынға келсек,  алтын Сұлтан Дүзелбаевқа (Алматы облысы) бұйырды. Санжар Мұсаев (Алматы облысы) 2-орын алса, Ильфат Абдуллин (Алматы облысы) 3-орынға иелік етті. Әйелдер арасында классикалық садақ ату, жекелей сында Александра Воропаева (Шымкент) топ жарды.  Алина Ілиясова (БҚО) мен Анастасия Баннова (БҚО) 2-3 орынды өзара бөлісті.

А.АЙДАРҚЫЗЫ