31 наурызға арналған ауа райы болжамы
31 наурызға арналған ауа райы болжамы
103
оқылды

Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Өңірлерде жауын-шашын болып, оңтүстік-шығыста нөсер жауын жауады. Тек қана батыс пен солтүстікте, күн жауын-шашынсыз болады.

Тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Күндіз оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, болады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақмола, Алматы, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.