Ол қаладан 60 шақырым қашықтықта жатқан Ақыртөбе ауылының маңындағы малшылардың қоражайын паналапты. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Қашқан сарбаз бұл әрекетін ата-анасын сағынғандығымен түсіндіреді.Нұрасыл Арысбаев наурыздың 25-інен 26-на қараған түні әскери бөлімнен қашқан. Шымкентті бетке алған, адасып қалып, Алматыға қарай жаяу жүре берген. Ақыртөбе ауылына жеткен соң малшыларға жалданып жұмыс істепті. Жауынгерді іздеуге өңірде 19 топ құрылған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.Қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев: «Ақыртөбе ауылында малшы болып жүрдім, тамақ, үй бәрі тегін. Күндігіне береді, 3-4 мың теңге тауып, үйге барып, ата-анама сыйлық алып қайтып келемін деп ойладым. Қателік жасамаймын енді, ары қарай Отан алдындағы борышымды өтеймін»,– дейді.
№85395 әскери бөлімі командирінің орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев: «Оған қатысты процессуалды іс-шаралар жүргізу үшін істер құзырлы органдарға тапсырылды. Айыппұл және гауптвахтада ұстау жөнінде оған әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін»,– дейді.