Ұлттық кеңес өзекті мәселелерді назарда ұстайды
Ұлттық кеңес өзекті мәселелерді назарда ұстайды

Қоғамның ең басты өзекті мәселесінің бірі – әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық болып отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың на­зарынан тыс қалмады. 25 ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық се­нім кеңесінің V отырысында Президент осы жайтқа ерекше зер салған болатын.

Жалпы, Ұлтық кеңесте мем­лекет үшін күрмеу тудырған жағ­дай сөз болатынын білеміз. Соңғы жылдары қа­­­­­­­­­­­­­­­зақстандықтар ара­сында жиі талқыға түскен тұр­мыстағы зорлық-зомбылық жайы­ның қозғалуы бекер емес. Пре­зидент мәселені шешу жо­лында ұйым­дардың күш біріктіруі қажетін айтқан болатын. – Бұл ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен шешу мүмкін болып тұр. Со­нымен бірге осындағы маңызды рөл Ішкі істер ми­нистрлігінің 1999 жылы құ­рылған әйелдер мен балаларды зорлық-зом­былықтан қорғау бойынша арнайы бө­лімдеріне жүктеліп отыр. Алайда кезінде олардың штаттық санының жартысына жуығы қыс­қарып қалған. Сонымен қатар бұл қызметкерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиі кездесетін өңір­лерде қысқарған. Ішкі істер ми­нистрлігіне мүмкін­­дігінше зор­лық-зомбылықтан әйелдер мен балаларды қорғау бойынша арнайы бөлімнің штат санын қалпына кел­тіруді тапсырамын, – деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Елімізде ішкі істер органдары от­басы­­­лық құқықбұзушылыққа 2017 жылдың соңы­­­­­­нан ғана көңіл аудара бастапты. Ин­тернетте және әлеуметтік желілерде тұр­­­мыс­­­­­­тық зорлық-зомбылыққа қатысты ақ­­­­параттар легінің көбейіп бара жатқанына бай­­­­ланысты оның қаншалықты объек­­­тивті екенін бағалау мақ­сатымен ста­­­тистикаға талдау жүргізген. Нәти­­­жесінде, тек тұр­­­мыстағы емес, жалпы зорлық-зомбы­лыққа қатысты істерді бө­лек жүргізу керек деген ше­шімге кел­ген. 2018 жылдан бастап Бас про­куратурамен бірігіп, мұн­дағы жұ­мыс әдісін өзгертіп, ве­домст­во­лық қада­ғалауды кү­шейт­кен. Осы­лайша, 2018 жыл­дың қоры­тын­дысында ескі тәр­тіппен 739 тұр­мыстық қылмыс тір­келген бол­­­са, оны түзете келе есепке ал­ғанда 180 дерекке көбейіп, 919 оқиға болған. 2019 жылы мұндай құқық­­­бұ­зу­шы­лықтар 14 пайызға кө­бейіп, 1 052 де­ректі құраған екен. Бұл тұс­та тұрмыстық зор­лық-зомбы­лықты қарас­тыра­тын заң да кү­шеймесе болмайтын еді. Қыл­мыстық ко­декстің 110-бабы «Қи­нау» жеке айыптау ісінен жеке-көп­шіліктік айыптау ісіне ауыс­тырылды. Бұл полиция қыз­мет­керіне отба­сылық «ти­ран­ның» кінә­­сіне дә­лел жинау құ­зы­­­ретін берді. Бұрын мұнымен зә­­­­­бір көрушінің өзі айналысатын. Сол сияқты осы баптың 2-бө­ліміндегі бас бос­тандығынан айы­­­­ру мерзі­мінің ең төменгі уа­­­қы­­­ты 3 жылдан 4 жылға кө­бейтілді. Бұдан бөлек, «Отбасылық-тұр­мыс­тық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл ту­ралы» заңның жо­басы қа­­­зақ қоғамында қызу талқыға түскен еді. Президент заң жобасы жоғарыда атап өтке­німіздей әйел­­­­­­­­­­­­­­­­дермен қатар, бала­­­лар құқын қор­ғауға ба­ғыттал­­ғанын жет­­­кізген. Дегенмен мұ­ның пі­кірта­­­­лас­қа ұла­­­­суынан аза­­мат­­тардың қоғам мә­­­селесіне бейжай қа­­­­ра­­­майтынын аңға­­рып, оң ба­ғалауға б­о­лады.

мадиярМадияр ТӨЛЕУ