Бахрейнде құлдықта болған бойжеткенді туысы 5 мың долларға сатқан
Бахрейнде құлдықта болған бойжеткенді туысы 5 мың долларға сатқан

Бахрейнде тәнін саудалауға мәжбүр болғандардың бірі Еуразия бірінші арнасының тілшісіне болған жайтты айтты.

Құл болған бойжеткеннің айтуынша, осыдан бір жыл бұрын оны алыс туысы «жоғары жалақы төлейтін жұмыс бар» деп алдап, Бахрейнге жіберген. Ол Бахрейнге жеткен бойда құжатынан айырылған.

«Күтіп алған кезде менің құжаттарымды қолына алып алды. Сосын біз қонақүйге бардық. Қонақүйге жайғастырғаннан кейін бұл кісі маған: «Сенің құжаттарың менің қолымда болады. Мен сені сатып алғанмын», – деді. Мен түсінбеймін, не үшін сатып алды, не істегенін?.. «Не деп жатсыз?» десем, сені сатып жіберді деді. Негізі адам сатады деген ойымда да болған жоқ»,– дейді жәбірленуші.

Төлқұжатын тартып алған Бахрейндік отандасымызға жезөкше боласың дегенде, азаматша тәнін саудалаудан үзілді-кесілді бас тартқан. Бірақ таяқ жеген соң амалсыз келістім дейді. Бахрейнде көк тиын табыс таппаған бойжеткенді алыс туысы оны 5 мың долларға сатып жібергенін де кейін білген.   https://youtu.be/5eo8Sm3xDu8

Бұған дейін 2016-2020 жылдары Бахрейнде құлдықта болғандар туралы жазған болатынбыз.