Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Halyk Arena қайтадан іске қосылды.
«Таңертеңгі жағдай бойынша Halyk Arena спорт кешенінде ашылған провизорлық стационарлық орталықта 18 науқас жатыр. Мұндай шешім қала тұрғындары арасында коронавирус таралмауы үшін қабылданды. Спорт кешеніндегі төсек-орын 1000 адамға арналған. Науқастарға медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Талапқа сай медициналық құралдармен толық жабдықталған»,– деп хабарлады басқарма.Соңғы бір тәулікте 1600-ден астам адам коронавирусқа шалдықты. Бір күнде 21 адам қайтыс болды. Қазақстанда бес өңір «қызыл» аймақта тұр.