Соған қарамастан 26 наурыз Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин және басқа да оннан астам шенеунік жиналыс өткізді.
[caption id="attachment_124401" align="aligncenter" width="740"]
"Комиссияның жұмысы қаулыны бұзу болып есептелмейді. Себебі бұл ғимаратта қаланың тіршілігіне қатысты жиындар өтеді. Әкімдікте коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрылған республикалық комиссияның жиыны өтті. Қазір коронавирустың британиялық және оңтүстік африкалық мутациясы тарап жатыр. Сондықтан ведомствоаралық комиссияның және Алматы қаласындағы комиссияның жиынын шұғыл өткізу керек болды. Жиналысқа аз адам қатысты, арақашықтық сақталды, қатысушылар маска тағып, қолғап киіп отырды. Жиын алдында тест тапсырды",– деді ол.Алматының бас санитар дәрігерінің "Азаттық" радиосына берген жауабында он адам қатысқан жиналысты “көп адам қатысқан жиын” деп санамайтынын айтқан. Бұған дейін Алматының әкімдігі жариялаған суретте жиналыста кем дегенде 13 адам отырғанын көруге болады. Шенеуніктердің, әсіресе денсаулық сақтау саласы басшыларының бұл қылығын қазақстандықтар сынға алды. Әлеуметтік желі қолданушылары бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, жиын өткізген Бақытжан Сағынтаевқа, Алексей Цойға, Жандарбек Бекшиннің өзіне де айыппұл салу қажет екенін және олардың халыққа үлгі көрсететін тұлға екенін жазды. Бірақ қазақстандық шенділер карантин ережесін сақтағанын айтып, кінәсін мойындамады. Мұндай жағдай шетелдерде де болды. Пандемияға байланысты енгізілген шектеуді бұзып, кінәсін мойындап, өзінің отставкаға кетуін сұраған шетелдік шенділердің тізімін ұсынамыз.
Жаңа Зеландияның Денсаулық сақтау министрі
[caption id="attachment_124392" align="aligncenter" width="800"]Шотландияның бас санитар дәрігері
[caption id="attachment_124397" align="aligncenter" width="1024"]Еуропалық Одақтың сауда жөніндегі комиссары
[caption id="attachment_124403" align="aligncenter" width="1200"]"Ол жерде банкет өткізуге емес, қызметкерлерді оқытуға рұқсат берілген. Олар қазір қызметкерлерді жұмысқа алып жатыр, біраз уақыттан бері жұмыс істемеген еді. Қонақ үйдің бірінші қабатында спортшыларға құрмет көрсетіліп, қызметкерлер оқытылады. Құжатта бөлім басшысы тарапынан қате кетті, бұл бірреттік іс-шара екенін көрсетпеген. Онда 150 адам болған жоқ, біреу 40 дейді, біреу 60 адам дейді, мұндай ірі көлемдегі банкеттерді өткізуге арналған мұндай бөлме жоқ. Ұйымдастырушылар ауаны зарарсыздандыру үшін ауа алмасу жүйесіне рециркуляторлар мен бактерицидті сәулелегіштерді орнатты, ауаны зарарсыздандыру үшін озон генераторы пайдаланылды. Бұл шараларға шамамен бір миллион доллар жұмсалды. Сондықтан біз қызметкерлерімізді құрметтеу және оқыту бойынша бірреттік іс-шараға рұқсат бердік. Біз 900 адамға арналған залда 150 адамға дейін жүруіне рұқсат бердік",– деді Алматының бас санитар дәрігері.Айта кетейік, Алматының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаладағы барлық төсек-орын саны – 7011, қазір оның 5 мыңы бос емес. «Halyk Arena» спорт кешенінде 1000 төсек-орын дайындалды. 27 наурызда Бекшин Алматыдағы карантин шектеуін 12 сәуірге дейін созды. Бұл шектеу 21 наурыздан бері енгізілген.