«Полицей сұрамаса, білмес едім» – тұрғындар алаяқтың несие рәсімдегенінен бейхабар болған
«Полицей сұрамаса, білмес едім» – тұрғындар алаяқтың несие рәсімдегенінен бейхабар болған

Тұрғын Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығына алғыс айтты.  Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Тұрғын полицияға жолдаған хатында полицейлердің кәсіби шеберлігіне, алаяқты ұстағанына алғысын айтқан.

«Қылмыс былтыр жасалған. Белгісіз біреу азаматтарға олардың өздеріне айтпай несие рәсімдеп отырған. Полиция қызметкерлері алаяқтың барлық құрбанын анықтады. Полицейлер оларға қоңырау шалып, олардың атына несие берілген-берілмегенін тексеруді сұрады. Кейбіреулері бірнеше ай бойы қарыз екенін білмеген. Қазір күдікті ұсталды және өз қылмысын мойындады,– деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Тұрғын аға тергеуші Азамат Қайрат пен жедел уәкіл Жасын Дүйсенбаевқа ерекше алғыс айтты.