Павлодар облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы қабылдады
Павлодар облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы қабылдады
Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулы қабылдады,– деп хабарлады Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында. Жаңа қаулы талаптарына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі, облыс, қала мен аудан әкімдері, мемлекеттік орган, ұйым, кәсіпкерлік субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары ашық және жабық ғимараттарда көріністі, отбасылық, ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларын және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салуы керек. Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары) қызметіне тыйым салынады. Фудкорттардың, банкет залдарының да жұмыс істеуіне болмайды. Ал қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалының жұмысына рұқсат. Сондай-ақ кеңестерді, (отырыстарды) ҚР БМСД №68 Қаулысының талаптарын ескере отырып, қашықтан форматта өткізу мүмкін емес екендігі дәлелденген жағдайда көзбе-көз өткізуге, мәдениет объектілерінің 50 адамнан аспайтын жағдайда (дайындықтар) қызметіне, БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сыйымдылығын 30%-дан асырмай театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына, БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, кітапханалардың, музейлердің қызметіне, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада аттракциондардың қызметіне рұқсат етілген. Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.