Афины Олимпиадасының жүлдегері араға 13 жыл салып бозкілемге оралды
Афины Олимпиадасының жүлдегері араға 13 жыл салып бозкілемге оралды
175
оқылды
Афиныдағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Алматыда өтетін Азия іріктеу турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. Сәуір айының 9-ы мен 11-і аралығында Алматы қаласында күрес түрлері бойынша Азия лицензиялық турнирі өтеді. Грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия қорғайтын болады. Алайда бұл жарысқа құраманың бірнеше жылдан бергі көшбасшысы Алмат Кебісбаев қатыспайды. Оның орнына турнирде жуырда ғана Италияда өткен "классиктерге" арналған сайыста жеңіспен оралған Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) кілемге шығады. Алматыдағы лицензиялық турнирден кейін күрестен Азия чемпионаты басталады. Құрлық додасында грек-рим күресінен келесі балуандар бақ сынайды:  55 келі: Жансерік Сәрсенбиев 60 келі: Айдос Сұлтанғали 63 келі: Сұлтан Әсетұлы 67 келі: Алмат Кебіспаев 72 келі: Азат Садықов 77 келі: Демеу Жадыраев 82 келі: Евгений Поливадов 87 келі: Азамат Күстібаев 97 келі: Ерұлан Ысқақов 130 келі: Әлімхан Сыздықов Азия біріншілігі 18 сәуірге дейін жалғасады.