Қазақстан Украинамен тең түсті – 1:1 (видео)

Футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Киевте Украинамен кездесті. 3 күн бұрын француздарға есе жіберген Байсуфинов шәкірттері украиндықтармен тең ойнады.

Андрей Шевченко шәкірттері бірінші таймда жинақы ойнап, Покатилов қорғаған қақпаға бір доп соқты. Екінші 45-минутта Қазақстан құрамасы бірнеше ойыншы алмастырып, допты жиі бақылауға мүмкіндік алды. Нәтижесінде Мужиков алыстан айналдыра теуіп, Украина қақпасының кілтін тапты.

Украина — Қазақстан 1:1 (1:0)
Голдар:
 Яремчук 20 (1:0), Мужиков 59 (1:1).

Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Украина болса, қатарынан 3 ойынды  тең нәтижемен аяқтады. Киевтегі ойынмен қатар Франция мен Босния және Герцеговина арасында матч өтті. Мұнда француздар 0:1 есебімен жеңіске жетті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.