Футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Киевте Украинамен кездесті. 3 күн бұрын француздарға есе жіберген Байсуфинов шәкірттері украиндықтармен тең ойнады.
Андрей Шевченко шәкірттері бірінші таймда жинақы ойнап, Покатилов қорғаған қақпаға бір доп соқты. Екінші 45-минутта Қазақстан құрамасы бірнеше ойыншы алмастырып, допты жиі бақылауға мүмкіндік алды. Нәтижесінде Мужиков алыстан айналдыра теуіп, Украина қақпасының кілтін тапты. Украина — Қазақстан 1:1 (1:0) Голдар: Яремчук 20 (1:0), Мужиков 59 (1:1). Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Украина болса, қатарынан 3 ойынды тең нәтижемен аяқтады. Киевтегі ойынмен қатар Франция мен Босния және Герцеговина арасында матч өтті. Мұнда француздар 0:1 есебімен жеңіске жетті.