Қарағанды облысының тұрғындары мәселеге назар аудармаса, жағдайдың ушығатынын айтты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Бұл мәселені реттеуге депутаттар бірқатар ұсыныс айтты.2016 жылы Жезқазғандағы науқастардың саны 241-ден асса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 300-ге жуықтаған. Депутат келтірген деректері бойынша, 59-жылдан бері орталық Қазақстан аумағына 600-ден астам зымыран құлаған. Соңғы 10 жылда үш апат болып, улы отын далаға төгілгені есте. Бұның салдарымен күресіп, қоршаған ортаны қалпына келтіруге кемі 10 жыл қажет.Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов: «Байқоңыр ғарыш айлағына іргелес аумақтар мен зымыран қалдықтарының құлауы, аймақтардың ластану деңгейі туралы ақпарат ұсыну, ластанған өңірлерде тұратын халықты жыл сайын скринингтік тексеруден өткізу, зымыранның химиялық элементтерін залалсыздандыруға бағытталған қазақстандық ғалымдардың ғылыми-зерттеулерін жыл сайын қаржыландыруды сұраймыз», – деді.