Павлодарда педофил 20 жылға сотталды
Павлодарда педофил 20 жылға сотталды
137
оқылды

Бірақ күдікті сотта өз кінәсін мойындамады. Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотының мәліметінше, бұл іс жабық сот отырысында, алқабилердің қатысуымен қаралған. Бұл туралы Pavlodarnews хабарлады.

Күдіктінің кінәсі жәбірленушінің және куәгерлердің сөзімен, сараптама нәтижесімен дәлелденді.

«Сотта прокурор күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады, ол және оның адвокаты ақтауды сұрады» делінген хабарламада.

Алқабилердің шешімімен 58 жастағы күдікті айыпты деп танылып, 20 жылға сотталды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтейді. Сотталған ер адам кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Біз бұған дейін Сәтбаев қаласында педофилден зардап шеккен қыз туралы жазған болатынбыз.