Африкада арыстан аулаған Туризм және спорт академиясының президентін тергеу басталды
Африкада арыстан аулаған Туризм және спорт академиясының президентін тергеу басталды
175
оқылды

Даудың басы Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың Қызыл кітапқа енген қар барысының терісінің жанында түскен фотосынан басталды.

Істің анық-қанығын Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.

«Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабына «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалануға» сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаймыз. Алайда ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді» делінген ресми хабарламада.

Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың қар барысының терісімен түскен фотосын ең бірінші спортшы Жанкош Тұраров Instagram-дағы парақшасында жариялады.   [caption id="attachment_124587" align="aligncenter" width="750"]Спорт және туризи академиясы, Жанқош Тұрарров, Қайрат Закирьянов, қар барысы, арыстан Фото: Жанқош Тұраровтың Instagram-дағы парақшасынан алынды[/caption] Фото көпшіліктің сынына ұшыраған соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізілетінін хабарлады. Жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын тексеруді бастады.

Ал академия президенті «Арыстанды Африкада өзім ауладым» деп даулы фотоға қатысты пікір білдірген еді.